Атырау қаласы полиция басқармасы Криминалдық полиция бөлімінің жедел-іздестіру тобының кіші жедел уәкілі полиция кіші сержанты Бауыржан Нұрасыл қызметпен қатар спортты да өмірінің ажырамас бөлігіне айналдырған, деп хабарлайды AtyrauTODAY тілшісі.
Ол бокстан үш дүркін Қазақстан чемпионы атанып, Әлем кубогының қола жүлдесін иеленген. Сонымен қатар ТМД елдері арасында өткен чемпионатта қола жүлдегер атанып, Сербия Республикасында өткен халықаралық бокс турнирінде жеңімпаз атанды.
Кикбокстан да биік белестерді бағындырған полицей Үндістан елінде өткен Әлем кубогында жеңіс тұғырынан көрінді. Бокс және кикбокстан Қазақстан Республикасының спорт шебері атанды.
Рингте қарсыласына қарсы тұрып, жеңіс үшін бар күшін салатын спортшы бүгінде қызметте де жауапкершілік пен табандылықты басты қағида етеді.