Атырау +7 7719012424 Бұл электронды пошта мекен-жайы спам-боттардан қорғалған, оны қарау үшін Сізде Javascript қосылған.

Тіліңізді таңдаңыз

Тіліңізді таңдаңыз

«Автобус»: Атырауда 700-ден астам құқықбұзушылық анықталды

Өңірде жолаушылар мен жүк тасымалы қауіпсіздігін қамтамасыз етуге бағытталған республикалық «Автобус» жедел-профилактикалық іс-шарасы жалғасуда, деп хабарлайды AtyrauPress тілшісі.

Алғашқы үш күн ішінде полиция қызметкерлері 700-ден астам құқық бұзушылықты анықтады. Оның ішінде 329 дерек жолаушылар мен жүктерді тасымалдау қағидалары мен қауіпсіздік талаптарын сақтамауға қатысты болса, 160 жағдай техникалық ақауы бар көлік құралдарын басқару фактісі бойынша тіркелді.

Өрескел құқық бұзушылықтар үшін 30-дан астам автокөлік айып тұрағына қойылды.

Полиция жүргізушілерді жол қозғалысы ережелерін қатаң сақтауға шақырады, өйткені бұл жол қауіпсіздігіне тікелей әсер етеді.