Атырау облысының денсаулық сақтау басқармасы Атырау қаласының жедел медициналық жәрдем бригадасын маңызды жетістігімен шын жүректен құттықтап, осындай беделді байқауда өңір намысын абыроймен қорғаған команда мүшелеріне алғыс білдірді.

Айта кетейік, қауымдастықтың 10 жылдығына орай халықаралық командалардың қатысуымен өткен Жедел медициналық жәрдем бригадаларының II Республикалық чемпионатында Атырау қаласының командасы PALS станциясы бойынша жүлделі III орынға ие болды. Бұл — мамандарымыздың жоғары кәсіби шеберлігінің, теориялық білімі мен практикалық дағдыларының, сондай-ақ командалық үйлесімді жұмысының нәтижесі. Қалай болғанда да, жедел медициналық жәрдем қызметкерлерінің күнделікті еңбегі — адам өмірін сақтауға бағытталған үлкен жауапкершілік пен кәсібилікті талап етеді.
Амандық САҒЫНТАЙҰЛЫ