Атырау +7 7719012424 Бұл электронды пошта мекен-жайы спам-боттардан қорғалған, оны қарау үшін Сізде Javascript қосылған.

Тіліңізді таңдаңыз

Тіліңізді таңдаңыз

Атыраулық жастар Ұлттық ұлан қатарын толықтырмақ

Атырау қаласында көктемгі әскерге шақыру науқаны аясында 20 жас сарбазды салтанатты түрде әскерге шығарып салу рәсімі өтті, деп хабарлайды AtyrauTODAY тілшісі.

 Жас жігіттер Алматы қаласында орналасқан 5571 әскери бөлімі қатарында Отан алдындағы борышын өтейтін болады. ҚР Ұлттық ұланы «Батыс» өңірлік қолбасшылығының баспасөз қызметінен білгеніміздей, Салтанатты шараға сарбаздардың ата-аналары мен туған-туыстары, Қазақстан Республикасының Ішкі істер министрлігінің Ұлттық ұланы ардагерлері мен жергілікті атқарушы орган өкілдері қатысты. Жиналғандар жас сарбаздарға ақ жол тілеп, ел тыныштығын күзетудегі қызметтеріне сәттілік тіледі. 

Шақырылушылардың бірі Анесов Нұрдәулет Нұрлыбекұлы әскери қызметті әр азамат үшін үлкен жауапкершілік деп санайтынын жеткізді.

— Әскерге бару — әр азаматтың Отан алдындағы парызы деп білемін. Ел тыныштығы мен қоғамдық қауіпсіздікті сақтау жолында қызмет ету — үлкен жауапкершілік әрі мәртебе. Бұл шешімді өз еркіммен қабылдадым, ал отбасым әрдайым қолдау көрсетті. Енді маған жүктелген міндетті адал әрі абыроймен атқаруға бар күш-жігерімді саламын, – деді ол.

Іс-шара барысында жастарға саптық және жауынгерлік дайындық элементтері көрсетіліп, әскери қызметтің ерекшеліктері түсіндірілді. Сонымен қатар мамандар әскери тәртіптің маңызы мен сарбаздарға жүктелетін міндеттер туралы жан-жақты ақпарат берді.

Айта кетейік, мұндай тағылымды шаралар жастардың бойындағы патриоттық рухты күшейтіп, Отан алдындағы жауапкершілікті терең сезінуге ықпал етеді.

Амандық АБДОЛ