Атырау +7 7719012424 Бұл электронды пошта мекен-жайы спам-боттардан қорғалған, оны қарау үшін Сізде Javascript қосылған.

Тіліңізді таңдаңыз

Тіліңізді таңдаңыз

Атыраулық үздік түлек – мемлекеттік қызметте!

Мемлекеттік қызметке білікті жастарды тарту және өңірлердегі кадр тапшылығын азайту мақсатында заңнамаға бірқатар өзгеріс енгізілді, деп хабарлайды AtyrauTODAY тілшісі.
 
Соған сәйкес, жоғары оқу орнын жоғары көрсеткішпен тәмамдаған үздік түлектер аудандық және ауылдық деңгейдегі төменгі лауазымдарға конкурссыз тағайындала алады. Осы мүмкіндікке ие болғандардың бірі – Қойшығали Темірлан Айтжанұлы. Қалалық әкімдіктен білгеніміздей, ол Х.Досмұхамедов атындағы Атырау университетін «Қолданбалы экология» мамандығы бойынша 3,4 GPA көрсеткішімен тәмамдады. Жоғары оқу орнындағы үздік үлгерімінің арқасында Темірлан Айтжанұлы Атырау қаласына қарасты Еркінқала ауылдық округі әкімі аппаратының бас маманы лауазымына конкурстық іріктеусіз тағайындалды.

Амандық САҒЫНТАЙҰЛЫ