Атырау +7 7719012424 Бұл электронды пошта мекен-жайы спам-боттардан қорғалған, оны қарау үшін Сізде Javascript қосылған.

Тіліңізді таңдаңыз

Тіліңізді таңдаңыз

Атыраулық тұрғын өз анасын өлімнен арашалап қалды

Құрманғазы ауылының тұрғыны Гүлфара Нысановаға ұлы Романның арқасында өмірге екінші мүмкіндік берілді. Дәрігерлер оған бауыр циррозы диагнозын қойып, шұғыл түрде трансплантация жасау қажет екенін айтқан, деп хабарлайды AtyrauTODAY тілшісі.

Роман – аудандық жедел жәрдем станциясының фельдшері. Ол еш ойланбастан анасына донор болуға келісім берген. 2018 жылы Алматы қаласындағы А.Н. Сызғанов атындағы Ұлттық ғылыми хирургия орталығында 16 сағатқа созылған күрделі ота жасалып, ұлы анасына бауырының 70 пайызын берді.

Отадан кейінгі оңалту кезеңінен соң Гүлфара Нысанова қайтадан медбике болып жұмысқа оралды. Сондай-ақ оның мүгедектік тобы екіншіден үшінші топқа төмендетілді.

— «Ұлым өз өмірінің бір бөлігін беріп, маған өмір сыйлады. Аналық алғысымды сөзбен жеткізу мүмкін емес», — дейді ол.