Қоғамдық орында алкогольдік масаң күйде болғаны үшін қамаққа алынды, деп хабарлайды AtyrauTODAY тілшісі.
Атырау облысының Жылыой аудандық сотында азамат Қазақстан Республикасының ӘҚБтК-нің 667-бабы 2-бөлігі және 440-бабының 3-бөлігі бойынша Н.-ға қатысты әкімшілік құқық бұзушылық туралы іс қаралды.
Сотта анықталғандай, құқық бұзушы бір жыл ішінде қайталап қоғамдық орында алкогольдік масаң күйде болған. Сонымен қатар,ол құқық қорғау органдары қызметкерлерінің заңды талаптарына бағынбай, олардың қызметтік міндеттерін атқаруына кедергі келтірген.
Сот отырысында Н. өз кінәсін ішінара мойындады, оның әкімшілік құқық бұзушылық жасаудағы кінәсі іс материалдарымен толық дәлелденді.
Сотпен құқық бұзушылықтың қайталанғаны және оның алкогольдік масаң күйде жасалғаны жауаптылықты ауырлататын мән-жай ретінде танылды. Сот қаулысымен құқық бұзушы Н. әкімшілік құқық бұзушылық жасағаны үшін кінәлі деп танылып, оған 16 тәулікке әкімшілік қамаққа алу түріндегі жаза қолданылды. Сот қаулысы заңды күшіне енді.