Атырау +7 7719012424 Бұл электронды пошта мекен-жайы спам-боттардан қорғалған, оны қарау үшін Сізде Javascript қосылған.

Тіліңізді таңдаңыз

Тіліңізді таңдаңыз

Атыраулық сурдофутзалшылар алғаш рет халықаралық додада жеңіске жетті

Атырау облысының спортшысы Павел Безмартерных Қырғызстанда өткен сурдофутзалдан Азия чемпионатында жеңімпаз атанды. Ол Қазақстан құрамасымен бірге Сурдлимпиадаға жолдама иеленді. Биылғы Сурдлимпиада Австрияда өтеді, деп хабарлайды AtyrauTODAY тілшісі.

Бұл – Атырау облысының сурдофутзалы тарихындағы халықаралық деңгейдегі алғашқы жеңіс.

Өңірде сурдофутзал секциясы 2014 жылдан бері жұмыс істейді. Қазіргі таңда спорттың бұл түрімен 15 спортшы тұрақты түрде айналысады. Биыл Атырау облысының командасы Ақтөбеде өткен Қазақстан чемпионатында да үздіктер қатарынан көрінді. Ал жарыс қорытындысы бойынша Павел Безмартерных ұлттық құрама сапына енді.

Қазір команда Австрияда өтетін Сурдлимпиадаға дайындалып жатыр.

Сонымен қатар Орал қаласында өткен IV Сурдоспартакиада қорытындысы бойынша тағы бір атыраулық спортшы Қазақстан ұлттық құрамасының кеңейтілген құрамына енгізілді.