Атырау +7 7719012424 Бұл электронды пошта мекен-жайы спам-боттардан қорғалған, оны қарау үшін Сізде Javascript қосылған.

Тіліңізді таңдаңыз

Тіліңізді таңдаңыз

Атыраулық спортшы паражүзуден Қазақстан чемпионатында үш алтын жеңіп алды

Талдықорғанда тірек-қимыл аппараты бұзылған, көру қабілеті төмен және зияткерлік даму ерекшеліктері бар спортшылар арасында жүзуден Қазақстан чемпионаты өтті, деп хабарлайды AtyrauTODAY тілшісі.

 Елдің үздік паражүзушілерін жинаған жарыс отандық спорттағы жаңа есімдерді анықтауға мүмкіндік берді. Жарыста Атырау облысының өкілі Айнель Бекназарова жарқын өнер көрсетті. Ол бірнеше дисциплинада жоғары нәтиже көрсетіп, бірден үш алтын медаль жеңіп алды. 

Айта кету керек, бұл Айнель үшін алғашқы ірі жарыс болды — ол паражүзумен небәрі үш ай ғана айналысып келеді. Соған қарамастан, спортшы жоғары дайындық деңгейі мен төзімділігін көрсете алды.

Спортшының айтуынша, ең қиын сынақтардың бірі брасс әдісі болған. Алайда жаттықтырушысы мен анасының қолдауы оған толқуды жеңіп, жақсы нәтиже көрсетуге көмектескен.

«Мен үшін ең қиын болғаны — брасс. Бірақ жаттықтырушым мен жанымда болып, қолдау көрсеткен анамның арқасында барлық қиындықтарды еңсеріп, нәтижеге қол жеткіздім», — деді Айнель Бекназарова.

Айнель алдағы уақытта да тоқтап қалмай, паражүзуде дамуын жалғастырып, халықаралық жарыстарда Қазақстанның намысын қорғауды мақсат етіп отыр.

Сонымен қатар, Айнель Бекназарова «Біз де адамбыз» қорының әлеуметтік бастамаларына қатысушы болып табылады.