Атырау +7 7719012424 Электрондық пошта мекенжайы спам-боттардан қорғалған. Мекенжайды көру үшін браузерде Javascript қосулы болуы тиіс.

Тілді таңдаңыз

Тілді таңдаңыз

Атыраулық қыздар U13 Қазақстан чемпионы атанды

 

Атыраудың U13 W қыздар футбол командасы «UMIT LEAGUE» Қазақстан Республикасы чемпионатында алтын медаль жеңіп алды. Команда турнирді бірде-бір жеңіліссіз аяқтап, өңір қыздар футболы тарихында алғаш рет чемпион атанды, – деп хабарлайды Өңірлік коммуникациялар қызметі.

15 мамырда басталып, 12 қазанда аяқталған чемпионаттың алғашқы үш туры Ақтау, Ақтөбе және Қызылорда қалаларында өтті. Топтық кезеңде атыраулық футболшылар «Каспийді» 3:0, «Ордабасыны» 2:0, «Қайсарды» 6:0, «Тараз» бен «Тұранды» 5:0 есебімен жеңді. Ал «Ақтөбе» және «Қайрат» командаларымен тең түсті.

Алматыда өткен финалдық кезеңде команда «Қайрат» пен «Елімайды» 2:0, «Астананы» 2:1 есебімен ұтты. Сондай-ақ «Шахтер» және «Ақтөбе» командаларымен 1:1 есебімен тең ойнады.

Чемпионат қорытындысы бойынша атыраулық футболшылар 13 ойын өткізіп, 9 жеңіске жетті, 4 кездесуді тең аяқтады. Қарсыластар қақпасына 32 гол соғып, өз қақпасына небәрі 5 гол жіберді.

Жеке номинациялар бойынша Адина Молбай үздік қақпашы, Анель Нұх үздік ойыншы атанды. Команданың бас бапкері Ақарна Мұхамбетова үздік бапкер номинациясын иеленді.

Команданы Ернар Фазылов пен Ақарна Мұхамбетова жаттықтырады.