Атырау +7 7719012424 Бұл электронды пошта мекен-жайы спам-боттардан қорғалған, оны қарау үшін Сізде Javascript қосылған.

Тіліңізді таңдаңыз

Тіліңізді таңдаңыз

Атырауға Мединадан эвакуацияланған азаматтар мінген алғашқы ұшақ қонды

Атырауға он күн бұрын Сауд Арабиясына қажылық сапармен аттанған қазақстандықтарды алып келген алғашқы ұшақ қонды, деп хабарлайды AtyrauTODAY тілшісі.

Бұл топта 28 ақпанда Таяу Шығыстағы әскери қақтығыстардың басталуына байланысты өңірден ұшып шығуда қиындықтар туындаған. Ұшақ бортында барлығы 200 адам болды.

Осыдан кейін оларды Атырау арқылы елге қайтару туралы шешім қабылданды. Бүгін күндіз қажыларды әкелу үшін төрт ұшақ жіберілді: олардың үшеуі Атырауға, тағы бірі Ақтау қаласына қонады.

Келгендердің арасында Алматы, Шымкент, Астана және еліміздің өзге өңірлерінің тұрғындары бар. Тіркеу рәсімдерінен өткеннен кейін олар бірден өз қалаларына ұшып кетеді.

Жолаушылардың айтуынша, Мекке, Жидда және Медина қалаларындағы жағдай тыныш болған, адамдар арасында дүрбелең байқалмаған.