Атырау +7 7719012424 Бұл электронды пошта мекен-жайы спам-боттардан қорғалған, оны қарау үшін Сізде Javascript қосылған.

Тіліңізді таңдаңыз

Тіліңізді таңдаңыз

Атырауға Денсаулық сақтау вице-министрі келді

Денсаулық сақтау вице-министрі Тимур Мұратов Атырауда алты жаңа медициналық нысанның құрылысын тексерді, деп хабарлайды AtyrauTODAY тілшісі.

2026 жылдың соңына дейін өңірде пайдалануға беру жоспарлануда:

Жаңа онкологиялық диспансер;

Радиологиялық корпус;

Екі қалалық емхана (әрқайсысы ауысымына 250 науқасқа дейін қабылдайды);

Жедел жәрдемнің екі шағын станциясы (жылына 50 мыңға дейін шақыртуға қызмет көрсетеді, әрқайсысында 20–24 бригада болады).

Сонымен қатар облыстық және аудандық ауруханаларды қайта жаңғырту жұмыстары жалғасуда. Барлық жобалардың мақсаты — Атырау тұрғындары үшін медициналық көмектің қолжетімділігін арттыру.