Атырау +7 7719012424 Электрондық пошта мекенжайы спам-боттардан қорғалған. Мекенжайды көру үшін браузерде Javascript қосулы болуы тиіс.

Тілді таңдаңыз

Тілді таңдаңыз

Атыраудың күші: рекордсмен сайлау учаскесі алдында жүк көлігін сүйреді

Ел рекордын жаңартып, жалпы салмағы 165 тонна болатын жеті теміржол вагонын сүйреген Ерсейіт Бралин сайлау күні кезекті күш перформансын көрсетті,- деп хабарлайды Өңірлік коммуникациялар қызметі.

Сайлау учаскесінің маңында арнайы алаң дайындалып, рекордсмен КАМАЗ жүк көлігін сүйреді. Өнер көрсетілімінен кейін Ерсейіт Бралин сайлау учаскесіне барып, өз таңдауын жасады.

Сайлау алдындағы ерекше рекорд мұнымен тоқтаған жоқ. Рекордсмен өз қолымен арматураны иіп, одан сайлау күніне орай «23» санын жасады. Осылайша күш перформансы сайлау күнімен байланысты символдық мазмұнмен толықты.