Атырау облысы полициясының бұрынғы бастығы Нұрхат Оразбаев Қазақстан ІІМ-нің Грузиядағы өкілі болып тағайындалды, деп хабарлайды AtyrauTODAY тілшісі.
Атырау облысы полиция департаментінің бұрынғы бастығы Нұрхат Оразбаев Қазақстан Республикасы Ішкі істер министрлігінің Грузиядағы өкілі болып тағайындалды, деп хабарлайды AtyrauTODAY тілшісі.
Нұрхат Кенжебайұлы Оразбаев 1968 жылы Атырау облысында дүниеге келген. Гурьев педагогикалық институтын, Қазақстан Республикасы Мемлекеттік тергеу комитетінің Алматы жоғары тергеу мектебін және ҚР ІІМ академиясын тәмамдаған.
Ол ішкі істер органдарындағы қызметін 1991 жылы Атырау облысында бастаған. Әр жылдары түрлі басшылық қызметтерді атқарып, 2022 жылдың ақпан айынан бастап Атырау облысы полиция департаментінің бастығы болды.
2026 жылдың қаңтарында Солтүстік Қазақстан облысы полиция департаментінің бастығы болып тағайындалды.
Енді Нұрхат Оразбаев Қазақстан Республикасы Ішкі істер министрлігінің Грузиядағы ресми өкілі қызметін атқаратын болады.