Атырау +7 7719012424 Бұл электронды пошта мекен-жайы спам-боттардан қорғалған, оны қарау үшін Сізде Javascript қосылған.

Тіліңізді таңдаңыз

Тіліңізді таңдаңыз

Атыраудың бірқатар елдімекенінде газ болмайды

Газбен жабдықтаудың уақытша тоқтатылатынын «QAZAQGAZ AIMAQ» АҚ Атырау өндірістік филиалының мамандары ескертті, деп хабарлайды AtyrauTODAY тілшісі.

Төмен қысымды газ құбырларында жөндеу жұмыстарының жүргізілуіне байланысты бүгін, 9 қыркүйекте, сағат 09:00-ден 18:00-ге дейін төмендегі мекенжайларда газ беру уақытша тоқтатылады:

  • Ақжар-2 елді мекені;
  • Талқайран-1, 2;
  • Бесікті;
  • Аспа.

Тұрғындардан жөндеу жұмыстары жүргізіліп жатқан уақытта газ крандарын жауып, қауіпсіздік шараларын сақтауды сұрайды.

Фото: ru.freepik.com