Атырау +7 7719012424 Бұл электронды пошта мекен-жайы спам-боттардан қорғалған, оны қарау үшін Сізде Javascript қосылған.

Тіліңізді таңдаңыз

Тіліңізді таңдаңыз

Атырауда жылыту маусымына дайындық барысы пысықталды

 

 Бүгін Атырау қаласы әкімдігінің мәжіліс залында қала әкімі Шәкір Кейкиннің төрағалығымен 2026–2027 жылғы күзгі-қысқы жылыту маусымына дайындық мәселелері бойынша жиын өтті. Жиынға дербес бөлім басшылары, коммуналдық мекемелер мен мердігер мекемелердің өкілдері қатысты, деп хабарлайды AtyrauTODAY тілшісі.

Жиында көпқабатты тұрғын үйлердің, әлеуметтік нысандардың және инженерлік инфрақұрылымның алдағы жылыту маусымына дайындығы жан-жақты талқыланды. Қалалық әкімдіктің баспасөз қызметі мәлім еткендей, қазір қаладағы орталықтандырылған жылу жүйесіне қосылған 1025 көпқабатты тұрғын үйдің 490-ында гидравликалық сынақ жұмыстары аяқталды. Сонымен қатар жеке қазандықтар арқылы жылумен қамтылатын тұрғын үйлерде қазандықтарды жуу, шаю және ішкі жылу жүйелерін қысқы кезеңге дайындау жұмыстары жоспарға сәйкес жүргізілуде.

 

Басқосуда жылу желілерін жаңғырту жұмыстарының барысы да қаралды. Биыл жалпы ұзындығы 5,5 шақырымды құрайтын жылу және ыстық су құбырларын ауыстыру жұмыстары жүргізіліп жатыр. Сондай-ақ көктемгі гидравликалық сынақ барысында анықталған ақауларды жою мақсатында қосымша 6,9 шақырым жылу желісін жаңарту жоспарланған.

 

 

Шаһар басшысы Шәкір Кейкінұлы инженерлік инфрақұрылым нысандарының құрылыс жұмыстарының сапасы мен орындалу мерзімін ерекше бақылауда ұстауды тапсырды. Әрбір жобаның сапалы жүзеге асырылуы, құрылыс барысында қауіпсіздік талаптарының сақталуы және белгіленген мерзімде аяқталуы қатаң бақылауда болуы керектігін атап өтті.

 

Сондай-ақ жауапты мекемелерге жылыту маусымына дайындық жұмыстарын белгіленген мерзімде толық аяқтап, тұрғындарды үздіксіз әрі сапалы жылумен қамтамасыз ету үшін барлық қажетті шараларды қабылдау тапсырылды.

Амандық АБДОЛ

Суретті түсірген: автор