Атырау +7 7719012424 Бұл электронды пошта мекен-жайы спам-боттардан қорғалған, оны қарау үшін Сізде Javascript қосылған.

Тіліңізді таңдаңыз

Тіліңізді таңдаңыз

Атырауда жолаушы жүгіне байланысты дау туындады...

Pegasus Airlines Атырауда жолаушының жүгін жоғалтып, төрт айдан бері өтемақы төлемей келеді, деп хабарлайды AtyrauTODAY тілшісі.

Қазақстанда тұратын АҚШ азаматы Мэттью 5 қаңтар күні Pegasus Airlines әуе компаниясының рейсінен кейін (Англиядан оралған соң) жүгінің жоғалып кеткенін мәлімдеді.

Оның айтуынша, жүк 21 күн бойы іздестірілген. Осыдан кейін ол өтемақы төлеу туралы өтініш берген. Алайда әуе компаниясы жүктің жоғалғанын растайтын PIR құжаты жоқ екенін алға тартып, өтемақы төлеуден бас тартқан.

Жолаушының сөзінше, Атырау әуежайында оған мұндай құжаттардың рәсімделмейтіні, барлық процедураның қолмен жүргізілетіні айтылған.

Кейін Pegasus Airlines 429 доллар көлемінде өтемақы ұсынған. Жолаушы Kaspi банкінің деректемелерін жібергенімен, ақша әлі күнге дейін түспеген.

— «Бірде күте тұруымды сұрайды, бірде басқа құжаттар талап етеді, енді бірде мүлде жауап бермейді», — дейді ол.

Сондай-ақ жолаушы Атырау әуежайының қызметкері Гүлзинепке көмегі мен қолдауы үшін алғыс білдірді. Pegasus Airlines компаниясы бұл жағдайға әзірге ресми түсініктеме берген жоқ.

Фото: ru.freepik.com