Атырауда биыл жасөспірімдер арасында 17 суицид дерегі тіркелді
- Details
- 19.08.2026
Атырауда полицейлер мен еріктілер есірткіге қатысты граффити жазуларын жойды, деп хабарлайды AtyrauTODAY тілшісі.
Атырау облысы полиция департаментінің есірткі қылмысына қарсы іс-қимыл басқармасы "Жас қорғау" қоғамдық бірлестігінің еріктілерімен және бұрын сотталған азаматтармен бірлесіп, есірткі құралдарын жарнамалайтын интернет-ресурстарға сілтемелері бар граффити жазуларын жою мақсатында кезекті рейд өткізді. ПД мәліметінше, рейд барысында Жилгородок шағынауданы мен қала орталығындағы ғимараттардың қабырғаларына салынған заңсыз жазулар өшірілді.
Жыл басынан бері Атырау қаласында осындай жетпістен астам граффити жазуы жойылды. Полицейлер есірткіні насихаттайтын немесе оны таратуға бағытталған жазуларды салу заңмен тыйым салынғанын және мұндай әрекеттердің қылмыстық жауапкершілікке әкеп соғатынын ескертеді. Құрметті тұрғындар! Егер есірткіге қатысты граффити жазуларын байқасаңыз, 102 арнасына немесе 98-21-55 сенім телефонына хабарласуыңызды сұраймыз. Мұндай рейдтердің басты мақсаты – есірткінің заңсыз айналымының алдын алу, қоғамда есірткіге қарсы көзқарасты қалыптастыру және тұрғындарды құқық бұзушылықтарға қарсы күреске белсенді тарту.
Амандық АБДОЛ
"Қазақстан Республикасы Мәдениет және ақпарат министрлігінің Ақпарат комитеті" республикалық мемлекеттік мекемесінде 2025 жылы 24 қазанда қайта тіркеліп, № KZ95VPY00132858 куәлігі берілген.
