Атырау +7 7719012424 Электрондық пошта мекенжайы спам-боттардан қорғалған. Мекенжайды көру үшін браузерде Javascript қосулы болуы тиіс.

Тілді таңдаңыз

Тілді таңдаңыз

Атырауда жетінші көпір салынып жатыр

Атырауда қала ішіндегі транзиттік көлік қозғалысын азайтуға бағытталған Солтүстік айналма жолының құрылысы жүріп жатыр. Жоба аясында Алмалы мен Талғайран елді мекендерін жалғайтын жаңа көпірдің құрылысы басталды, – деп хабарлайды Өңірлік коммуникациялар қызметі.

 

II санаттағы автомобиль жолының құрамына кіретін жаңа көпір пайдалануға берілген соң транзиттік ауыр жүк көліктері қалаға кірмей, Солтүстік айналма жолы арқылы қатынайды. Бұл қаладағы көлік жүктемесін азайтуға мүмкіндік береді.

⁃ Қазір нысанда бұрғылау және қадаларды бетондау жұмыстары жүргізілуде. Жоба бойынша 208 қада орнату жоспарланған, бүгінде оның 40-ы бетонданды. Құрылыс жұмыстарына 76 адам және 17 арнайы техника жұмылдырылған. Құрылыс тамызда басталып, қолданыстағы кестеге сәйкес 2027 жылы желтоқсанда аяқталады, - деді «ҚазАвтоЖол» ҰК АОФ Сапаны бақылау және жұмыстарды қабылдау бөлімінің басшысы Данияр Мырзашев. 

Солтүстік айналма жолы Атырауды өңірдегі негізгі көлік бағыттарымен байланыстыратын жол желісінің маңызды бөлігі болмақ. Жоба бойынша Атырау–Астрахань, Атырау–Доссор, Атырау–Индер және Атырау–Орал бағыттарымен түйісетін учаскелерде екі жол айрығы мен реттелетін жол қиылыстарын салу жоспарланған. Қазір Атырау–Доссор бағытындағы жол айрығының құрылысы жүргізіліп жатыр.

Солтүстік айналма жолы толық іске қосылған соң транзиттік ауыр жүк көліктерінің қалаға кіріп-шығуы реттеледі. Бұл қала көшелеріндегі көлік ағынын азайтып, жол қозғалысының қауіпсіздігі мен өткізу қабілетін арттыруға әсер етеді.