12 тамыз күні Атырауда Жастар күніне арналған гала-концерт өтеді, деп хабарлайды AtyrauTODAY тілшісі.
Мерекелік шара қала әкімдігінің қолдауымен ұйымдастырылады. Кештің арнайы қонақтары ретінде Тұрар мен Дарикорн өнер көрсетеді. Сонымен қатар сахнада өңірдің жас орындаушылары өнер көрсетіп, көрермендерге жарқын музыкалық бағдарламалар мен мерекелік көңіл-күй сыйлайды.
Қонақтарды жанды дауыстағы өнерпаздар, танымал музыкалық шығармалар мен жастар мерекесіне тән ерекше атмосфера күтеді.