Атырауда 29 жастағы ер адам іздестірілуде, деп хабарлайды AtyrauTODAY тілшісі.
Атырауда 1996 жылы туған Құрманов Әнуар Болатқалиұлы із-түзсіз жоғалып кеткендер қатарында іздестірілуде.
Туыстарының айтуынша, ол 8 мамыр күні шамамен сағат 22:00-де Ақжар ықшамауданы, Құрманғазы көшесі, 73-мекенжайындағы үйінен шығып, белгісіз бағытқа кеткен. Содан бері ер адам үйіне оралмаған.
Белгілі болғандай, ол ұялы телефонын үйде қалдырып кеткен.
Белгілері:
▪️ бойы — шамамен 160 см
▪️ салмағы — 50–55 кг
Үстінде болған киімдері:
▪️ қара түсті спорттық кофта
▪️ қою көк түсті шалбар
▪️ жасыл-ақ түсті кроссовка