Атырау +7 7719012424 Бұл электронды пошта мекен-жайы спам-боттардан қорғалған, оны қарау үшін Сізде Javascript қосылған.

Тіліңізді таңдаңыз

Тіліңізді таңдаңыз

Атырауда жалға берілетін пәтерлер тексерілуде: 42 заңбұзушылық анықталды

Атырауда жалға берілетін тұрғын үйлерді тексеруге бағытталған жедел-профилактикалық іс-шара өтіп жатыр. Алғашқы нәтижелер де белгілі болды, деп хабарлайды AtyrauTODAY тілшісі.

12 тамыздан бері полиция қызметкерлері заң талаптарын бұза отырып жалға берілген 42 пәтерді анықтады. Оның ішінде 27 нысан бойынша материалдар Мемлекеттік кірістер департаментіне жолданды.

Сонымен қатар, кейбір тұрғындардың тұрғылықты жері бойынша тіркелмегені анықталды. Осыған байланысты 8 адам ҚР ӘҚБтК-нің 492-бабының 2-бөлігі бойынша әкімшілік жауапкершілікке тартылды.

Полицияның мәліметінше, тексерудің мақсаты — заң бұзушылықтарды анықтап қана қоймай, пәтер иелері мен жалға алушыларға заң талаптарын сақтаудың маңыздылығын түсіндіру.