13 мамыр күні Атырауда Жайық өзенінің жағалауында Балықшылар күніне орай әуесқой балықшылар арасында командалық турнир өтеді, деп хабарлайды AtyrauTODAY тілшісі.
Іс-шара AMANAT партиясының Атырау облыстық филиалының қолдауымен және «Атырау Балық» ЖШС-нің негізін қалаушы, облыстық мәслихат депутаты Айгүл Әмірғалиева демеушілігімен ұйымдастырылады. Қонақтар үшін балық өнімдерінің жәрмеңкесі, жаңадан қуырылған балық және табиғат аясындағы мерекелік көңіл күй әзірленеді.
Жарыстың жүлде қоры: 300 мың теңге, 200 мың теңге, 100 мың теңге. Ұйымдастырушылар қала тұрғындары мен қонақтарын отбасы және достарымен бірге таза ауада тамаша уақыт өткізуге шақырады.
Фото: ru.freepik.com
