Атырауда 4 мың тоннадан астам балық экспортталды
- Details
- 21.07.2026
Медицина қызметкерлері күніне орай Атырауда «Өз денсаулығыңды тексер» атты ашық есік күні ұйымдастырылды, деп хабарлайды AtyrauTODAY тілшісі.
Тұрғындар тегін медициналық тексеруден өту мүмкіндігіне ие болды. Акция аясында дәрігерлер қаладағы бірқатар сауда орталықтарында қабылдау жүргізді: «Атырау», «Насиха», «Мұрагер», «Көктем», «Инфинити», «Kiwi» және «Тамаша». Тұрғындар: қан талдауын тапсырды, экспресс-тест арқылы қант пен холестерин деңгейін тексерді, дәрігерлік кеңес алды.
Мамандардың айтуынша, басты мақсат — аурулардың алдын алу мәдениетін қалыптастыру және профилактикалық тексерулердің маңызын түсіндіру. №1 қалалық емхананың мамандары HPV вакцинасы және басқа да екпелер туралы ақпарат беріп, сондай-ақ Денсаулық мектептерінің жұмысымен таныстырды. Тұрғындар мұндай акциялардың жиі өткізілуін қолдап, ерте диагностика мен тұрақты тексерудің маңызды екенін атап өтті.
"Қазақстан Республикасы Мәдениет және ақпарат министрлігінің Ақпарат комитеті" республикалық мемлекеттік мекемесінде 2025 жылы 24 қазанда қайта тіркеліп, № KZ95VPY00132858 куәлігі берілген.
