Атырау +7 7719012424 Электрондық пошта мекенжайы спам-боттардан қорғалған. Мекенжайды көру үшін браузерде Javascript қосулы болуы тиіс.

Тілді таңдаңыз

Тілді таңдаңыз

Атырауда әуежайдың жаңа терминалының тұжырымдамасы таныстырылды

 

Атырау облысының әкімі Болат Ақшолақовқа әуежайдың жаңа терминалының тұжырымдамасы таныстырылды. Оны қытайлық ECADI компаниясы қазақстандық мамандармен бірге әзірлеген, деп хабарлайды AtyrauTODAY тілшісі.

Жобада Жайық өзені, Каспий теңізі және қазақтың киіз үйі негізге алынған: уықтар су бетіндегі толқындарды елестетсе, кереге мен ұлттық ою-өрнектер өңірдің мәдениетін айшықтайды.

Аумақ кешенді түрде абаттандырылады: қоғамдық кеңістіктер, демалыс аймақтары, кафелер, автотұрақтар, көлік пен жаяу жүргіншілерге арналған кіреберіс жолдар салынады.

Терминалдың жалпы ауданы 16 400 м² болмақ және тіркеу, тексеру, ұшу және келу аймақтарын қамтитын екі негізгі деңгейден тұрады. Ішкі, халықаралық және транзит рейстерге ыңғайлы навигация мен жолаушылар легін бөлу жағы ойластырылған.

Жолаушылардың ұшаққа отыруына ыңғайлы болуы үшін терминалдан тікелей бортқа өтуге мүмкіндік беретін телескопиялық траптар да қарастырылған.

— Тұжырымдама қызықты архитектуралық шешімдерімен ерекше. Бұған қоса, детальдарды, инженерлік жүктемелерді, электрмен жабдықтауды, жолаушылар легін ұйымдастыруды, жарықтандыру мен аумақтағы қауіпсіз қозғалысты мұқият зерделеу қажет. Жоба заманауи болып қана қоймай, эксплуатацияның барлық талабына жауап бере алатындай функционалды болуы тиіс, — деді Болат Ақшолақов.

Облыс әкімі дайындық жұмыстарын ұзаққа созбай, ұсынылған тұжырымдама негізінде іске кірісуді және белгіленген мерзімнен ауытқымауды тапсырды.