17 мамыр күні өтетін Atyrau Marathon марафонына байланысты қала көшелерінде уақытша жол қозғалысына шектеу қойылады, деп хабарлайды AtyrauTODAY тілшісі.
Сөре таңғы сағат 07:00-де Құрманғазы, 12 мекенжайынан басталады. Қатысушылар бағыты Әбілхайыр хан даңғылы бойымен жалғасып, Әбілхайыр хан даңғылы мен Сұлтан Бейбарыс даңғылы қиылысынан айналып өтіп, Қабдырахман Ерниязов көшесі арқылы мәреге жетеді.
Мәре сызығы — INFINITY сауда үйі маңында.
Аталған бағыттардағы жол қозғалысы сағат 14:00-ге дейін уақытша жабық болады.
