Атырау +7 7719012424 Бұл электронды пошта мекен-жайы спам-боттардан қорғалған, оны қарау үшін Сізде Javascript қосылған.

Тіліңізді таңдаңыз

Тіліңізді таңдаңыз

Атырауда «Тұрмыс» іс-шарасы жалғасуда

Облыста тұрмыстық зорлық-зомбылық пен отбасылық жанжалдардың алдын алуға бағытталған «Тұрмыс» жедел-профилактикалық іс-шарасы жалғасуда, деп хабарлайды AtyrauTODAY тілшісі.

Акция басталғалы полицейлер ондаған құқықбұзушылықты анықтап, агрессорларға қатысты тиісті шаралар қабылдады. Отбасылық-тұрмыстық зорлық-зомбылыққа қарсы күрес бөлімінің қызметкерлері полиция инспекторларымен бірлесіп, бұған дейін жанжал тіркелген отбасыларды тексеріп, профилактикалық әңгімелер жүргізіп, тұрғындардың өтініштеріне жедел әрекет етуде.

Құқық қорғау органдарының мәліметінше, 5 мамырдан бері 120-дан астам әкімшілік хаттама толтырылған. «102» пультіне тұрмыстық жанжалдарға байланысты шамамен 95 хабарлама түскен. Нәтижесінде 90-нан астам адамға қорғау нұсқамасы беріліп, 18 азаматқа сот арнайы мінез-құлық шектеулерін белгіледі.

Полиция өкілдері мұндай шаралар зорлық-зомбылықтың қайталануын болдырмауға және зардап шеккендерді қорғауға көмектесетінін атап өтті.