2026 жылдың тамыз айында Атырау облысының Құрманғазы ауданында атмосфералық құрғақшылық болады деп болжанып отыр. Бұл туралы AtyrauTODAY тілшісі хабарлайды.
24 шілде күні «Қазгидромет» РМК синоптиктері атмосфералық құрғақшылыққа қатысты алдын ала болжамын жариялады.
Метеорологтардың мәліметінше, атмосфералық құрғақшылық Батыс Қазақстан, Ақтөбе, Жамбыл, Түркістан, Қызылорда облыстары мен Жетісу облысының жекелеген аудандарында да күтіледі.
Атап айтқанда, құрғақшылық мына өңірлерде болжанып отыр:
- Батыс Қазақстан облысында – Бөкей Ордасы және Жәнібек аудандарында;
- Ақтөбе облысында – Шалқар және Ырғыз аудандарында;
- Атырау облысында – Құрманғазы ауданында;
- Жетісу облысында – Алакөл және Ақсу аудандарында;
- Жамбыл облысында – Мойынқұм, Қордай, Сарысу, Талас, Шу, Жамбыл және Байзақ аудандарында;
- Түркістан облысында – Арыс, Созақ, Ордабасы, Шардара, Түлкібас және Бәйдібек аудандарында;
- Қызылорда облысында – Арал, Қазалы, Қармақшы және Шиелі аудандарында, сондай-ақ Қызылорда қаласында.
