Атырау +7 7719012424 Бұл электронды пошта мекен-жайы спам-боттардан қорғалған, оны қарау үшін Сізде Javascript қосылған.

Тіліңізді таңдаңыз

Тіліңізді таңдаңыз

Атырауда тағы төрт көпқабатты тұрғын үй жаңғыртылады

Атырауда қаланың сәулеттік келбетін жақсарту және тұрғын үй қорын жаңарту бағдарламасы аясында тағы төрт көппәтерлі тұрғын үйді жаңғырту жоспарланып отыр, деп хабарлайды AtyrauTODAY тілшісі.

Ғимараттарда қасбеттері мен шатырларын жаңарту, сондай-ақ терезе және есік конструкцияларын ауыстыру бойынша кешенді жұмыстар жүргізіледі. Негізгі мақсат — қала тұрғындарының өмір сүру сапасы мен жайлылығын арттыру, сондай-ақ тұрғын үйлерді заманауи бірыңғай келбетке келтіру.

Жоба кезең-кезеңімен жүзеге асырылады, жұмыстар қалалық тиісті қызметтердің бақылауында. Жаңғырту жұмыстары белгіленген мерзімде аяқталады деп жоспарлануда.