Атырау +7 7719012424 Бұл электронды пошта мекен-жайы спам-боттардан қорғалған, оны қарау үшін Сізде Javascript қосылған.

Тіліңізді таңдаңыз

Тіліңізді таңдаңыз

Атырауда тағы бір жаңа мектептің құрылысы аяқталды (+ВИДЕО)

Атырау қаласына қарасты Дамбы ауылында 300 орындық жаңа мектептің құрылысы толық аяқталды, деп хабарлайды AtyrauTODAY тілшісі.

Қазір нысанды пайдалануға беру үшін қажетті құжаттарды рәсімдеу жұмыстары жүргізілуде. Төрт блоктан тұратын мектептің жалпы ауданы – 7 618,3 шаршы метр. Ғимаратта 22 оқу кабинеті, спорт залы, асхана, кітапхана, акт залы, медициналық кабинет және әкімшілік бөлмелері қарастырылған. Барлық кабинеттер заманауи құрал-жабдықтармен және қажетті жиһаздармен толық жабдықталған.

Жоба былтыр мамыр айында қайта жанданып, биыл маусым айында толық аяқталды. Бас мердігер – «Vek-Stroy-Com» ЖШС.

Жаңа білім ордасының іске қосылуы Дамбы ауылындағы оқушы орындарының тапшылығын азайтып, өңірдің әлеуметтік инфрақұрылымын дамытуға оң ықпал етеді.

Бұдан бөлек Атырауда Құрылыс басқармасының тапсырмасымен 20-ға жуық мектептің құрылысы жүріп жатыр.

Амандық АБДОЛ

ВИДЕО ОСЫНДА...