Атырау +7 7719012424 Электрондық пошта мекенжайы спам-боттардан қорғалған. Мекенжайды көру үшін браузерде Javascript қосулы болуы тиіс.

Тілді таңдаңыз

Тілді таңдаңыз

Атырауда Сармат мектебінің 64 жас шекарашысы ант берді

 

Атырау облысы Жаңаталап ауылындағы «Сармат» мамандандырылған мектеп-лицей-интернатында алғаш рет жас шекарашыларды қатарға қабылдау рәсімі өтті. Бұған дейін ұйым құрамында 215 оқушы болса, қазір олардың саны 279-ға жетті. Бұл туралы Өңірлік коммуникациялар қызметі хабарлайды.

Салтанатты іс-шарада оқушыларға жас шекарашы куәліктері табысталды. Ұйымның мақсаты – жас ұрпақтың бойында ержүректік, Отанға деген сүйіспеншілік пен адамгершілік қасиеттерді қалыптастыру.

– Мектеп-лицей-интернаты Атырауда үш жыл бұрын ашылды. Мұндай білім ордасы елімізде төртеу. Біздің түлектер еліміздегі жоғары әскери оқу орындарында білім алады, – деді облыстық білім беру басқармасының бас маманы Бейбарыс Кәрісбайұлы.

Мектеп-лицей-интернатының 7-сынып оқушысы Мансұр Қайрекес болашақта әскери қызметкер болуды мақсат еткен. Ол арманына жету үшін сабағын жақсы оқуға тырысатынын айтты.

Жиынға ҚР ҰҚК Шекара қызметі Атырау облысы бойынша департаментінің бастығы, полковник Дулат Есенжаров, застава төрағасы, капитан Берік Салимбаев, қоғам қайраткері Разия Тасмағамбетова және Ұлттық ұланның 5546 әскери бөлімі командирінің тәрбие жөніндегі орынбасары, майор Бақтияр Темірбекұлы қатысты.