Атырау +7 7719012424 Бұл электронды пошта мекен-жайы спам-боттардан қорғалған, оны қарау үшін Сізде Javascript қосылған.

Тіліңізді таңдаңыз

Тіліңізді таңдаңыз

Атырауда санитарлық авиациямен 160 науқас медициналық мекемелерге жеткізілді

Жыл басынан бері санитарлық авиация қызметі арқылы 160 науқас шұғыл түрде медициналық мекемелерге жеткізілді, деп хабарлайды AtyrauTODAY тілшісі.

Кезекті санитарлық авиация рейсі Атыраудан Индер ауданына жасалды. Төтенше жағдайлар министрлігінің авиациясына тиесілі тікұшақ 2004 жылы туған науқасты облыс орталығына жеткізді.  

Индер ауданында тікұшақтың қауіпсіз қонуы және науқасты тасымалдау жұмыстарына Төтенше жағдайлар департаментінің 4 қызметкері мен 2 техника жұмылдырылды. Медициналық сүйемелдеуді екі дәрігер қамтамасыз етті.  

Құтқарушылар мен медицина мамандарының үйлесімді жұмысының арқасында науқас қажетті медициналық көмек көрсету үшін облыс орталығына жедел әрі қауіпсіз жеткізілді.