Атырауда ретро-саябақты қайта жаңғырту жоспарланып отыр. Аумақты абаттандыруға 564 млн теңге қарастырылған, деп хабарлайды AtyrauTODAY тілшісі.
Жоба аясында:
▫️ тротуар тақтайшалары ауыстырылады;
▫️ жарықтандыру бағаналары жаңартылады;
▫️ жасанды су айдыны жөнделеді;
▫️ көгалдандыру жұмыстары жалғастырылады.
2024–2025 жылдары саябақта 9 мың шаршы метр аумаққа көгал төселген. Жалпы 16 мың шаршы метр жерді көгалдандыру жоспарланған. Қалған 7 мың шаршы метр аумақты қаржыландыруға қарай 2026–2027 жылдары абаттандыру көзделіп отыр.
Қазіргі таңда сметалық құжаттама әзірленіп, қалалық мәслихатқа бюджеттік өтінім жолданды. Қаражат бөлінгеннен кейін мемлекеттік сатып алу порталында конкурс жарияланып, мердігер анықталады.
Тұрғындар саябақты жаңарту бастамасын қолдап отыр. Олар жастар мен жасөспірімдерге арналған демалыс орындарын көбейтуді, көбірек ағаш отырғызуды және қосымша көлеңкелі аймақтар жасауды ұсынады.
Жоба жүзеге асқан жағдайда ретро-саябақ қала тұрғындары үшін заманауи әрі жайлы демалыс орнына айналады.
Фото: ru.freepik.com