Атырау +7 7719012424 Бұл электронды пошта мекен-жайы спам-боттардан қорғалған, оны қарау үшін Сізде Javascript қосылған.

Тіліңізді таңдаңыз

Тіліңізді таңдаңыз

Атырауда мерезбен сырқаттанушылық 72,2%-ға төмендеді

Әлеуметтік желілерде өңірде мерезбен сырқаттану деңгейі күрт өскені туралы ақпарат таралуда. Алайда ресми мәліметтер керісінше жағдайды көрсетеді, деп хабарлайды AtyrauTODAY тілшісі.

Соңғы 5 жылда көрсеткіш 72,2%-ға, яғни шамамен 4 есеге төмендеген. 2026 жылдың алғашқы 6 айының қорытындысы бойынша Атырау облысындағы сырқаттанушылық деңгейі республикалық орташа көрсеткіштен 1,4 есе төмен.

Әрбір анықталған жағдай бойынша эпидемиологиялық тексеру жүргізіліп, науқаспен байланыста болған адамдар медициналық тексеруден өтеді. Медициналық ұйымдарда зертханалық диагностика кеңейтіліп, заманауи жабдықтар енгізілуде.

Тері-венерологиялық қызметтің барлық дәрігерлік құрамы жыныстық жолмен берілетін инфекциялардың алдын алу бойынша біліктілігін арттырды.

Жағдай Атырау облысының Денсаулық сақтау басқармасының тұрақты бақылауында.