Атыраудағы ҚР ІІМ Ұлттық ұланының №5546 әскери бөлімінде «Мектепке жол» республикалық қайырымдылық акциясы аясында көпбалалы әскери қызметшілердің балаларына көмек көрсетілді, деп хабарлайды AtyrauTODAY тілшісі.
«Halyk Bank» АҚ қолдауымен оқушыларға қажетті оқу құралдары – мектеп сөмкелері, дәптерлер, қаламдар және басқа да кеңсе тауарлары табысталды.
Әскери бөлім командирі, полковник Самет Құлахмедов мұндай бастамалар әскери қызметшілердің отбасыларына қолдау көрсетіп, балалардың оқу жылын сәтті бастауына жағдай жасайтынын атап өтті.
«Балаларға көрсетілген әрбір қолдау – олардың білімге деген ынтасын арттырып, болашаққа нық қадам жасауына мүмкіндік береді», – деді ол.
ҚР ІІМ Ұлттық ұланы жыл сайын «Мектепке жол» акциясына қатысып, әскери қызметшілердің балалары мен отбасыларына қолдау көрсетіп келеді.