Атырау +7 7719012424 Бұл электронды пошта мекен-жайы спам-боттардан қорғалған, оны қарау үшін Сізде Javascript қосылған.

Тіліңізді таңдаңыз

Тіліңізді таңдаңыз

Атырауда Ұлттық ұлан сарбаздары алғашқылардың бірі болып дауыс беріп жатыр

Атырау қаласындағы ҚР Ұлттық ұланының 5546 әскери бөлімінің сарбаздары таңғы сағат 06:00-де ашылған №75 сайлау учаскесіне келіп, өз таңдауын жасап жатыр.

Отан алдындағы әскери борышын өтеп жүрген сарбаздар елдегі маңызды саяси науқанға алғашқылардың бірі болып дауыс беруде. Бұл ретте Ұлттық ұлан әскери қызметшілерінің басты міндеттерінің бірі – қоғамдық тәртіп пен азаматтардың қауіпсіздігін қамтамасыз ету.

Осыған байланысты әскери қызметшілер азаматтық міндетін ерте орындап, сайлауда өз таңдауын білдіріп жатыр.

Дауыс беріп болғаннан кейін сарбаздар Атырау қаласындағы қоғамдық орындарда қоғамдық тәртіп пен қауіпсіздікті қамтамасыз ету бойынша жауынгерлік қызметке кіріседі.

Осылайша, Ұлттық ұлан әскери қызметшілері ел өміріндегі маңызды саяси науқанға қатысып, азаматтық ұстанымын білдірумен қатар, қоғамдық қауіпсіздікті қамтамасыз ету міндетін де атқарып жатыр.

ҚР Ұлттық ұланы «Батыс» өңірлік қолбасшылығының баспасөз қызметі