Атырауда «Құрсай» каналының арнасын қамыс пен тұрмыстық қоқыстан тазарту жұмыстары жүргізілуде, деп хабарлайды AtyrauTODAY тілшісі.
Шаралар қала аумағындағы санитарлық тазалықты қамтамасыз ету және су алмасу жүйесінің қалыпты жұмысын сақтау мақсатында ұйымдастырылған. Жұмыстарды «Жылыой Тазалық» ЖШС қызметкерлері атқаруда.
Арнаны тазарту жұмыстары кезең-кезеңімен жүзеге асырылып, алдағы уақытта да жалғасады.