Атырауда бес жасөспірім үйдің ауласында оқушыны ұрып-соққан
- Details
- 11.09.2026
Атырау облысының Ресей Федерациясымен шекарасында орналасқан «Құрманғазы» автомобиль өткізу пункті жаңғыртылады, деп хабарлайды AtyrauTODAY тілшісі.
Қазіргі уақытта жобалау жұмыстары жүргізілуде. Өткізу пункті республикалық маңызы бар KAZ-09 «Ақтөбе – Қандыағаш – Доссор – Атырау – РФ (Құрманғазы е/п)» автожолының 892–893 шақырымында орналасқан.
Жаңғырту нәтижесінде:
▪️ жолдың жүру бөлігінің ені 28 метр болады
▪️ қосымша жолақтарды қоса алғанда 8 қозғалыс жолағы қарастырылған
▪️ учаскенің ұзындығы – 0,735 км
▪️ сервистік аймақтың аумағы – 8 гектар
Жоба ҚР Көлік министрлігі Автомобиль жолдары комитетінің бұйрығына сәйкес «ЕАЭО ішкі шекарасындағы автомобильдік өткізу пункттерін жаңғырту» бағдарламасы аясында жүзеге асырылуда.
Мердігер мекеме – «ВД Строй-инжиниринг» ЖШС. Құрылыс жұмыстарын 2027 жылдың соңында аяқтау жоспарланып отыр.
Қазіргі таңда сервистік аймақта өсімдік қабатын қырып алу жұмыстары жүргізілуде.
"Қазақстан Республикасы Мәдениет және ақпарат министрлігінің Ақпарат комитеті" республикалық мемлекеттік мекемесінде 2025 жылы 24 қазанда қайта тіркеліп, № KZ95VPY00132858 куәлігі берілген.