Атырау +7 7719012424 Бұл электронды пошта мекен-жайы спам-боттардан қорғалған, оны қарау үшін Сізде Javascript қосылған.

Тіліңізді таңдаңыз

Тіліңізді таңдаңыз

Атырауда көпқабатты үйлердің 94,8%-ы жылыту маусымына дайын

Атырау қаласында 2026–2027 жылдардағы күзгі-қысқы кезеңге дайындық жұмыстары жалғасып жатыр, деп хабарлайды AtyrauTODAY тілшісі.

Қаладағы 1 174 көпқабатты тұрғын үйдің 1 113-інде гидравликалық сынақ жүргізілді. Бұл жалпы үйлердің 94,8%-ын құрайды.

Көпшілік тұрғын үй орталықтандырылған жылу жүйесіне қосылған. Сонымен қатар 149 үй жылуды жеке тұрғын үй кешендерінің қазандықтарынан және өздерінің автономды қазандықтарынан алады.

Сонымен бірге жылу желілерін жаңарту жұмыстары жүргізілуде. «Industry 2050» ЖШС жалпы ұзындығы 6,9 шақырым болатын жылу магистралін ауыстырып жатыр. Жұмыстар Алмагүл, Нұрсая шағынаудандарында және Канцев пен Бейбарыс көшелерінде жүргізілуде.

Қысқы маусымға 13 жылу пункті де дайындалуда. Мамандар 26 тұрғын үй кешенінің коммуналдық желілерін тексеріп жатыр.

Қаланы жылыту маусымына дайындау жұмыстары жалғасуда.

Фото: ru.freepik.com