Атырау +7 7719012424 Бұл электронды пошта мекен-жайы спам-боттардан қорғалған, оны қарау үшін Сізде Javascript қосылған.

Тіліңізді таңдаңыз

Тіліңізді таңдаңыз

Атырауда «Әкелер патрулі» ұйымдастырылды

Атырау қаласында және облыстың барлық аудандарында «Әкелер патрулі» түнгі рейдтік шарасы ұйымдастырылды, деп хабарлайды AtyrauTODAY тілшісі.

Аталған бастама отбасы құндылықтарын нығайту, жасөспірімдер арасындағы құқықбұзушылықтың алдын алу және балалардың қауіпсіздігін қамтамасыз ету мақсатында өткізілді. Патруль жұмысына белсенді әкелер, білім беру ұйымдарының өкілдері және жауапты мекеме қызметкерлері қатысты.

Шара барысында қоғамдық орындарда, көшелер мен ойын-сауық орталықтарының маңында түсіндіру жұмыстары жүргізіліп, жасөспірімдердің қауіпсіздігіне ерекше назар аударылды. Сонымен қатар ата-аналардың бала тәрбиесіндегі жауапкершілігін арттыру мәселелері көтерілді.

«Әкелер патрулі» – қоғамдағы әкенің рөлін арттыруға бағытталған маңызды бастамалардың бірі.