Атырау +7 7719012424 Бұл электронды пошта мекен-жайы спам-боттардан қорғалған, оны қарау үшін Сізде Javascript қосылған.

Тіліңізді таңдаңыз

Тіліңізді таңдаңыз

Атырауда қай компаниялар үлескерден қаражат тарта алады? (+ВИДЕО)

Атырау облысында 16 құрылыс компаниясына үлескерлердің қаражатын тартуға ресми рұқсат берілді, деп хабарлайды AtyrauTODAY тілшісі.

Қазір өңір аумағында 46 көпқабатты тұрғын үйдің құрылысы жүріп жатыр. Оның 27-сінде құрылыс жүргізуге рұқсаты болғанымен, үлескерлердің қаражатын тартуға құқығы жоқ. Атап айтқанда, «New City», «Elorda Residence», «Асыл Парк», «Ағылшын кварталы», «RIVERSIDE RESID1ENCE», «Duman», «Tumarsana», «Аружан», «Променад», «Лагун Парк», «Аягөз», Әйтеке би көшесі №34 мекенжайындағы коммерциялық орынжайлар мен жерасты автотұрағы бар төртқабатты тұрғын үй, «М» тұрғын үй кешені, «Асыл Тас», «Samal Village», «Арнау», «JM Towers», «Хан Сұлтан», «Сұлтан Бейбарыс», «Мальтийский дворик», «Алия», «Қазына», «АСЕЛ-2», «Birmingam», Әбілхайыр хан даңғылы №46 мекенжайындағы «Гурьев» тұрғын үй кешені, 3 қабатты «Таунхаус» тұрғын үйі және Нұрсая-3 шағын ауданындағы «Гурьев» тұрғын үй кешені бар.
Қалған үш тұрғын үй бойынша құрылысқа рұқсат құжаттары мүлде рәсімделмеген.
– Ең алдымен жер учаскесіне қатысты құжаттар толық рәсімделуі тиіс, яғни жерге мемлекеттік акт болуы қажет. Біздің бөлім беретін сәулет-жоспарлау тапсырмасы және қаланың бас сәулетшісі келісім берген эскиздік жоба керек. Нысанның күрделілігіне қарай мемлекеттік немесе жекеменшік сараптаманың оң қорытындысы алынуы тиіс. Одан кейін мемлекеттік сәулет-құрылыс бақылау басқармасы (МСҚБ) тиісті талон береді. Оны үлескермен келісімшарт жасасар алдында сұратып, міндетті түрде тексерген жөн.
Қазір уақытта «Ақмаржан», «Қағанат», «Назик Групп» компаниялары инвесторлар қаражаты есебінен үлескерлер мәселесін шешті,– деді қалалық Сәулет және қала құрылысы бөлімінің басшысы Жұмабек Жұмағалиев.

Облыстық мемлекеттік сәулет-құрылыс бақылау басқармасының басшысы Нариман Биғали қаладағы 11 тұрғын үйдің құрылысы бүгінге дейін аяқталмағанын мәлімдеді. Оның сөзінше, мәселенің көбі құрылыс компанияларындағы рұқсат құжаттарының толық еместігінен туындаған. Қазір «Saraishyq», «Jibek Joly», «Baisanat» тұрғын үй кешендері бойынша сараптама қорытындыларын алу жұмыстары жүргізіліп жатыр.

Ал «ALIYA», «JM Towers», «Мальтийский дворик» тұрғын үй кешендерін 2022 жылы аяқтау жоспарланса, «Sultan Beybarys», «New City-3», «ORDA BUILDING 2025», «Асыл Тас» кешендерін 2023–2025 жылдары пайдалануға беру көзделген.

– Өткен жылдың қорытындысы бойынша 13 қабатты екі «NB Towers» тұрғын үйіне қатысты сот шешімі шықты. Құжат бойынша нысандарды бұзу туралы үкім қабылданған. Қазіргі МСҚБ-ның ресми парақшаларында қай компанияларда құрылысқа рұқсат бар, қайсысында жоқ екені туралы ақпарат жарияланады. Азаматтар толық ақпарат алу үшін бізге жүгіне алады. Тексерісті өтініш түскен жағдайда ғана жүргізуге құқылымыз,– деп атап өтті Н. Биғали.

Қосымша ақпаратты Баймұханов көшесі, 16 "А" мекенжайы немесе 8 (7122) 52-45-41 телефоны арқылы алуға болатынын айта кетейік.

БЕЙНЕЖАЗБА ОСЫНДА...