Атырауда ерекше қажеттіліктері бар азаматтарға арналған «Инватакси» қызметі тұрақты түрде жұмыс істейді, деп хабарлайды AtyrauTODAY тілшісі.
Бүгінде қызмет арқылы 1 700-ге жуық тұрғын тасымалданып, жалпы саны 200 мыңға жуық сапар жүзеге асырылған. «Инватакси» күн сайын сағат 08:00-ден бастап қызмет көрсетеді. Арнайы көліктер тұрғындарды емханаларға, Халыққа қызмет көрсету орталықтарына және басқа да қажетті нысандарға жеткізеді.
Көліктер қажетті арнайы жабдықтармен қамтамасыз етілген. Ал жүргізушілер жұмысқа кіріспес бұрын тиісті медициналық тексеруден өтеді.
Қызметтің негізгі мақсаты — ерекше қажеттіліктері бар азаматтардың қала ішінде қауіпсіз әрі қолайлы қозғалуына жағдай жасау.