Атырау +7 7719012424 Бұл электронды пошта мекен-жайы спам-боттардан қорғалған, оны қарау үшін Сізде Javascript қосылған.

Тіліңізді таңдаңыз

Тіліңізді таңдаңыз

Атырауда интернет-дүкен есірткі заттарын өткізген

Есірткі қылмысына және интернет-алаяқтыққа қарсы күрес мәселесінде есірткі заттарын өткізумен айналысқан интернет-дүкенінің қызметі тоқтатылды. Ұйымдасқан қылмыстық топтың 8 мүшесі қамауға алынды, деп хабарлайды AtyrauTODAY тілшісі.

Арнайы прокурорлармен қылмыстық іс аяқталды, 620 млн теңгеден астам сомаға мүлікке тыйым салынды.

Прокуратураның үйлестіруімен Ұлттық қауіпсіздік комитеті қызметкерлері Испания мен Нидерландтан еуропалық клефедрон, героин және кокаин жеткізумен айналысқан 3 есірткі таратушыны ұстады.

Интернет-алаяқтықпен күрес бағытында прокуратураның бастамасымен киберқылмыстардың алдын алу мақсатында «Anti-Fraud Call Center» ашылды.

Іске қосылған сәттен бастап орталыққа 47 мыңнан астам қоңырау түсіп, оның ішінде алаяқтық белгілері бар 8 мың қоңырау бұғатталды.