Атырау +7 7719012424 Бұл электронды пошта мекен-жайы спам-боттардан қорғалған, оны қарау үшін Сізде Javascript қосылған.

Тіліңізді таңдаңыз

Тіліңізді таңдаңыз

Атырауда игерілмеген жер учаскелері мемлекетке қайтарылды

Атырау облысында кадастрлық құны 619 млн теңгеден асатын аумағы 2182 га құрайтын 78 жер учаскелері мемлекет меншігіне қайтарылды, деп хабарлайды AtyrauTODAY тілшісі.

Талдаумен облыс аумағында кәсіпкерлік, тұрғын үй және өзге де мақсаттар үшін уақытша өтеулі берілген бірқатар жер учаскелерінің ұзақ уақыт бойы игерілмегені анықталды.

Сонымен қатар жер учаскелерін шаруашылық айналымына тарту бойынша жергілікті атқарушы органдар тарапынан тиісті шаралар уақтылы қабылданбаған.

Прокурорлық қадағалау актісі бойынша уәкілетті органдар жер пайдалану құқықтарын тоқтату және пайдаланылмай жатқан жер учаскелерін мемлекет меншігіне қайтару жөнінде тиісті шаралар қабылдады.

Аталған бағыттағы жұмыстар жалғасуда және прокуратураның бақылауында.

Амандық АБДОЛ

Фото: ru.freepik.com