Атырау +7 7719012424 Бұл электронды пошта мекен-жайы спам-боттардан қорғалған, оны қарау үшін Сізде Javascript қосылған.

Тіліңізді таңдаңыз

Тіліңізді таңдаңыз

Атырауда Гагарин көшесі қайта жаңғыртылмақ

Атырау облыстық жолаушылар көлігі және автомобиль жолдары басқармасының басшысы Асет Оразғалиев нысан басында қалалық бөлім, мердігер және жобалаушы өкілдерінің қатысуымен көшпелі кеңес өткізді, деп хабарлайды AtyrauTODAY тілшісі.

Мердігерге жұмыс қарқынын жеделдету тапсырылды. Жолдың ұзындығы — 1,8 км. Мердігер — «Атырауинжстрой-АИС» ЖШС. Жобалаушы — «ЛМ Транспроект» ЖШС. Техникалық қадағалау — «Арай НС» ЖШС.

Қазіргі таңда: 0,9 км жолға асфальт төселген; 0,6 км учаскеде тегістеу жұмыстары жүргізілген.

Жоба аясында жаяу жүргіншілер жолы, су бұру науалары, 4 аялдама және жарықтандыру қарастырылған. Бұған дейін жұмыстар жобаға түзетулер енгізу және қосымша міндеттерге байланысты уақытша тоқтатылған болатын.