Атырау +7 7719012424 Бұл электронды пошта мекен-жайы спам-боттардан қорғалған, оны қарау үшін Сізде Javascript қосылған.

Тіліңізді таңдаңыз

Тіліңізді таңдаңыз

Атырауда дәрігерлер тапшылығы екі есеге қысқарды

Өңірде денсаулық сақтау саласындағы кадр мәселесін шешу жұмыстары жалғасуда. Соңғы екі жылда дәрігерлер тапшылығы 201 маманнан 90 маманға дейін азайды, деп хабарлайды AtyrauTODAY тілшісі.

Егер 2023 жылы облыста 1 675 дәрігер жұмыс істесе, 2025 жылы олардың саны 1 775-ке жетті.

Өткен жылы өңірге 185 дәрігер келді:

108-і қалалық медициналық ұйымдарға орналасса, қалғаны аудандарға барды.

Орта буын медицина қызметкерлерінің саны да 5 261-ден 5 634 адамға дейін артты.

Қолдау шаралары күшейтілді:

170 дәрігерге көтерме ақы төленді.

2023 жылдан бастап төлем мөлшері ұлғайтылды — қалаға келгендерге 3 млн теңге, ал аудандарға жұмысқа барғандарға 5 млн теңге беріледі.

Мамандарды тартумен қатар, өңірде кадр даярлауға да басымдық берілуде. Өткен жылы 111 студент грант иегері атанса, биыл олардың саны 115-ке жетті (88 — бакалавриат, 27 — резидентура).