Атырау +7 7719012424 Бұл электронды пошта мекен-жайы спам-боттардан қорғалған, оны қарау үшін Сізде Javascript қосылған.

Тіліңізді таңдаңыз

Тіліңізді таңдаңыз

Атырауда Дүниежүзілік иммундау апталығы өтуде

Атырау облысында «Вакциналар әр ұрпақ үшін тиімді» ұранымен ақпараттық-түсіндіру науқаны басталды, деп хабарлайды AtyrauTODAY тілшісі.

Оның мақсаты — халықтың вакцинацияның маңыздылығы және жұқпалы аурулардың алдын алу туралы хабардарлығын арттыру. Мамандардың айтуынша, вакцина ағзада қорғаныс қалыптастырып, аурудың алдын алады немесе оның өтуін айтарлықтай жеңілдетеді.

Облыстық санитариялық-эпидемиологиялық бақылау департаменті басшысының орынбасары Гүлназ Ирбатырованың сөзінше, иммундаудың арқасында бұрын кең таралған көптеген инфекциялар бүгінде мүлде тіркелмейді немесе өте сирек кездеседі — бұл вакцинацияның тиімділігін дәлелдейді.

Қазақстанда бюджет есебінен қызылша, көкжөтел, дифтерия, полиомиелит және туберкулёзді қоса алғанда, 21 инфекцияға қарсы міндетті екпелер жүргізіледі. Сондай-ақ эпидемиологиялық көрсеткіштер бойынша тұмауға, құтыруға және COVID-19-ға қарсы вакцинация жасалады.