Атырау +7 7719012424 Электрондық пошта мекенжайы спам-боттардан қорғалған. Мекенжайды көру үшін браузерде Javascript қосулы болуы тиіс.

Тілді таңдаңыз

Тілді таңдаңыз

Атырауда бұрынғы аудан әкімінің орынбасары жаңа қызметке тағайындалды

Атырау облысының әкімі Болат Ақшолақовтың өкімімен Гүлнафис Айшуақова Атырау облысы балалар құқықтарын қорғау басқармасының басшысы лауазымына тағайындалды, деп хабарлайды AtyrauTODAY тілшісі.

Әкімдіктің баспасөз қызметінен білгеніміздей, Гүлнафис Айшуақова 1984 жылғы 24 қарашада дүниеге келген. 2007 жылы Қазақ гуманитарлық-заң университетін «Құқықтану» мамандығы бойынша тәмамдаған. Еңбек жолын 2008 жылы Жылыой ауданының Құлсары қаласындағы «Карат» ЖШС-де заңгердің көмекшісі болып бастаған.

Әр жылдары заң кеңесшісі, іс жүргізу жөніндегі инспектор, Жылыой ауданы әкімі аппаратының бас маманы және бас инспекторы қызметтерін атқарған. 

2019-2023 жылдар аралығында Жылыой ауданының ішкі саясат бөлімін басқарды.

2023 жылғы қаңтардан бастап жаңа қызметке тағайындалғанша Жылыой ауданы әкімінің орынбасары лауазымында еңбек етті.

Амандық АБДОЛ