Атырауда «Anti-Fraud» жедел-профилактикалық іс-шарасы аясында интернет-алаяқтың заңсыз әрекетінің жолы кесілді, деп хабарлайды AtyrauTODAY тілшісі.
Операцияны ҚР ІІМ ҚАЖК №75 мекемесінің қызметкерлері облыстық полиция департаментінің киберқылмысқа қарсы іс-қимыл басқармасымен бірлесіп жүргізді.
Құқық қорғау органдарының мәліметінше, А.А. есімді азамат қала аумағында бола тұра, әлеуметтік желілер арқылы тұрғындардың сеніміне кіріп, алдау жолымен олардың ақшалай қаражатын иемденген. Келтірілген жалпы шығын көлемі шамамен 3 миллион теңгені құрады.
Заңсыз схема дер кезінде әшкереленіп, тоқтатылды.
Қазіргі уақытта сотқа дейінгі тергеу амалдары жүргізілуде. Тергеу мүддесіне байланысты өзге ақпарат жария етілмейді.