Атырау +7 7719012424 Бұл электронды пошта мекен-жайы спам-боттардан қорғалған, оны қарау үшін Сізде Javascript қосылған.

Тіліңізді таңдаңыз

Тіліңізді таңдаңыз

Атырауда ақылды ит көпшілікті таңқалдырды!

Қазақстан Республикасы ІІМ Ұлттық ұланы 5546 әскери бөлімінің әскери қызметшілері №15 Қылмыстық-атқару жүйесі комитетінің қызметкерлерімен бірлесіп, түзеу мекемесінің аумағына тыйым салынған заттарды заңсыз өткізу әрекетін тоқтатты, деп хабарлайды AtyrauTODAY тілшісі.

Оқиға көлік бақылау-өткізу пунктінде "Газель" маркалы автокөлігін тексеру кезінде болған. ҚР Ұлттық ұланы “Батыс” өңірлік қолбасшылығының баспасөз қызметінің басшысы, майор  Ертуған Әубакирдің айтуынша, тексеру барысында ұландықтар "Шах" атты қызметтік-іздестіру итін қолданады.

Қызметтік ит көлік құралының салонында тыйым салынған заттардың болуы мүмкін екенін білдіретін белгі бергендіктен, бақылаушылар жіті тексеру жүргізеді. Тексеру нәтижесінде салон қалташасынан ішінде спецификалық иісі бар өсімдік тектес зат салынған пластикалық банка табылған.

Ұлттық ұлан әскери қызметшілері мен Қылмыстық-атқару жүйесі мекемесі қызметкерлерінің жедел және үйлесімді әрекетінің арқасында тыйым салынған заттарды режимдік объектіге өткізу әрекеті дер кезінде тоқтатылды.

Осы факт бойынша тексеру жүргізілуде, оқиғаның толық мән-жайы және құқық бұзушылыққа қатысы бар адамдар анықталатын болады.

Амандық САҒЫНТАЙҰЛЫ